Алматыда HomeTech & Electra 2026 халықаралық көрмесіне дайындық аясында онлайн B2B-кездесулер сериясы басталды. Бұл аталған серия аясындағы кездесулердің бірі. Іскерлік келіссөздерге Қытайдың Фошань, Нинбо қалаларындағы және басқа да өнеркәсіптік өңірлерінен шамамен 60 өндіруші, сондай-ақ қазақстандық бизнес өкілдері қатысты.
B2B-кездесулерді B2B Way Club ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тек көрмеге дайындық емес, сонымен қатар халықаралық өндірушілер мен отандық кәсіпкерлер арасындағы тікелей байланысты күшейтуге бағытталған нақты іскерлік алаң. Кездесу барысында тараптар өнім жеткізу, дистрибуция, логистика, сервистік қызмет көрсету және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Бурлибаева Асия Абиловна, «World Silk Way» ЖШС бас директоры, B2B Way Club жобасының жетекшісі: B2B кездесулердің негізгі мақсаты — қазақстандық кәсіпкерлер мен халықаралық өндірушілер арасында нақты іскерлік байланыс орнату. Біз тараптарды көрмеге дейін таныстырып, олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін алдын ала анықтауға көмектесеміз. Бұл көрме кезінде келіссөздердің нақты әрі нәтижелі өтуіне мүмкіндік береді.
Ақпараттың толық нұсқасы сiлтеме арқылы қолжетімді.